Атауы:      «Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК

Құрылған жылы

1959 жыл

Директоры:

Суджаков Рахметжан Саутович

Студенттер

334

Орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы

Мекенжайы

Шонжы ауылы, А. Арзиев 120

Электронный адрес

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Марапаттары

Алматы облысы білім басқармасының облыстық «Үздік кәсіптік білім беретін мекеме» байқауында «Шығармашылық номинациясы» бойынша құрмет грамотасы (2013 жыл)

 

Қазақстан ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен, 1959-жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылында Чапаев атындағы техника жөндеу станциясы жанында механизаторларды даярлайтын курс көлемінде ашылды.

 

1963-жылы № 144 ауылдық кәсіптік училище болып, Шонжы ауылына көшірілді. 1980-жылы № 9 орта  кәсіптік техникалық училище болып аталды. 2003-жылы № 9 кәсіптік мектеп болып өзгертілді. 2008-жылы м №9 кәсіптік лицей, ал 2013 жылдың 15 мамырынан Алматы облысының әкімінің №138 қаулысы бойынша «Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК  болып өзгертілді.

 

Ең алғашқы рет 20 ұстаз  дәріс берді. Колледж  директоры болып Махеметжан Аршидинов тағайындалды. Ауыртпашық кезеңге қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы директордың ерен еңбегін ерекше атаған жөн.

 

1971-1977 жылдар аралығында Шавдун Хетбакиев, 1977-1988 жылдар аралығында Закир Мамиров, 1988-1993 жылдар Молут Хевизов, ал 1993 жылдан бері колледж директоры болып Суджаков Рахметжан Саутович басқарып келеді.