Колледж құрылғаннан бастап 59 жыл ішінде оқу ордасын 15 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Шонжы политехникалық колледжі ауыл балаларының шамшырағы. Колледж студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен таңғалдыруда. Білікті маман, осы ұядан түлеп ұшады. Кіші ғылым академиясының Алматы Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына колледж білімгерлері Тавакилов Р, Баратова Г, Курбанов Б қатысып, І дәрижелі дипломмен марапатталды.