«Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК түлектерінің жұмыспен қамтылуы
туралы мәлімет
Колледждің міндеті - кәсібін жетік білетін, сауатты, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерге ие, кәсіби өсуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында жетекші орын алуға қабілетті даярланатын мамандықтары бойынша бітірушілердің дайындық дәрежесінің негізгі көрсеткіші түлектердің жұмыспен қамтылуы болып табылады.
Жаңа заман болашақ маманның кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптар қояды. Бүгінде еңбек нарығында табысты жұмысқа орналасу және мансаптық өсу үшін төмендегідей қасиеттер маңызды: мақсатқа бағытталғандық, кәсіби құзыреттілік және коммуникативті дағдылар. Түлектердің жұмысқа орналасуын және уақытша жұмыспен қамтылуын жеңілдету мақсатында «Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК төмендегідей қызмет бағыттарын белгілейді:
- колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуын бақылау: түлектер туралы мәліметтер базасын құру, түлектердің мамандық бойынша жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат жинау;
- жұмыспен қамту мәселелерін шешу: кәсіпорындармен және басқа жұмыс берушілермен, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен өзара байланыс орнату, кадрларды даярлау сапасы туралы ақпарат жинау;
- кәсіптік бағдар беру қызметі: студенттердің ақпараттық жәрмеңкелерге, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуын ұйымдастыру.
2023-2024 оқу жылында 95 білім алушы бітірді. Түлектермен байланыс олар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы, сондай-ақ түлектерімен байланыста болатын және олардың жұмыспен қамтылуы туралы ақпаратты үнемі жаңартып отыратын бітіруші топтардың өндірістік оқыту шеберлері арқылы ұйымдастырылады.
Түлектердің жұмысқа орналасу туралы ақпарат жинау жұмысы келесі оқу жылында да зерттеледі.
Түлектердің жұмысқа орналасу критерийлері:
- Жұмыспен қамтылу;
- ЖОО-да оқу;
- ҚР-тан тыс жерге шығу;
- Декреттік демалыс;
- Жұмыспен қамтылатындар;
- Әскерге шақырылғандар.
«Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК түлектерінің жұмыспен қамтылуы
туралы мәлімет
Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК түлектерінің жұмыспен қамтылуы
туралы мәлімет
Занятость 2019-2020
«Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК түлектерінің жұмыспен қамтылуы
туралы мәлімет
Мониторинг трудоустройства выпускников колледжа за 2015-2016гг
Мониторинг трудоустройства выпускников колледжа за 2016-2017гг
Мониторинг трудоустройства выпускников колледжа за 2017-2018гг
Мониторинг трудоустройства выпускников колледжа за 2018-2019гг
Мониторинг трудоустройства выпускников колледжа за 2018-2019гг (10 мес.)