«Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК-да 2019-2020 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің құрылатындығын және құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлаймыз.

 

Мекен-жайымыз: Шонжы ауылы, А. Арзиев көшесі 120

 

Байланыс телефтон: 872 778 2-11-92

Колледж миссиясы

Өңірдің еңбек нарығына қажетті, бәсекеге қабілетті жоғары білікті кәсіби құзіреттілікке ие, жұмысшы кадрларды дайындау

Колледж көрінісі

Жаңа форматтағы кәсіби – техникалық кадрларды дайындайтын, өңірдің бәсекеге қабілетті білім беру мекемесіне айналу

 

 

Қазақстан ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен, 1959-жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылында Чапаев атындағы техника жөндеу станциясы жанында механизаторларды  даярлайтын курс көлемінде ашылды.

1963-жылы № 144 ауылдық кәсіптік училище болып, Шонжы ауылына көшірілді. 1980-жылы № 9 орта  кәсіптік техникалық училище болып аталды. 2003-жылы № 9 кәсіптік мектеп болып өзгертілді. 2008-жылы м №9 кәсіптік лицей , ал 2013 жылдың 15 мамырынан Алматы облысының әкімінің №138 қаулысы бойынша «Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК  болып өзгертілді.

Ең алғашқы рет  20 ұстаз  дәріс берді. Колледж  директоры болып Махеметжан Аршидинов     тағайындалды. Ауыртпашық кезеңге қарамай, ұйымдастыру, қалыптастыру сияқты қыруар жұмыстарға көп күш салған алғашқы директордың  ерен еңбегін ерекше атаған жөн.

1971-1977 жылдар аралығында Шавдун Хетбакиев, 1977-1988 жылдар аралығында Закир Мамиров, 1988-1993 жылдар Молут Хевизов, ал 1993 жылдан бері колледж директоры болып Суджаков Рахметжан Саутович басқарып келеді.