Алматы облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің" Шонжы политехникалық колледжі "МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

1959 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетмен ауылында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен техниканы жөндеу станциясының базасында механизаторларды даярлау курстары ұйымдастырылды. 1963 жылы №144 ауылдық кәсіптік училище болып қайта құрылып, Шонжы ауылына көшірілді. 1980 жылы №9 орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды. 1998 жылы №9 кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылды. 2003 жылы №9 кәсіптік мектеп, 2008 жылы №9 кәсіптік лицей болып қайта құрылды. Алматы облысы әкімінің 2013 жылғы 15 мамырдағы №138 қаулысымен "Шонжы политехникалық колледжі"МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ болып қайта құрылды.