«Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК-да 2019-2020 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңесінің құрылатындығын және құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлаймыз.

 

Мекен-жайымыз: Шонжы ауылы, А. Арзиев көшесі, 156

 

Байланыс телефтон: 872 778 2-11-92

Колледж миссиясы

Өңірдің еңбек нарығына қажетті, бәсекеге қабілетті жоғары білікті кәсіби құзіреттілікке ие, жұмысшы кадрларды дайындау

Колледж көрінісі

Жаңа форматтағы кәсіби – техникалық кадрларды дайындайтын, өңірдің бәсекеге қабілетті білім беру мекемесіне айналу

 

 

19 - ақпан күні «Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен “Адал Азамат - Адал еңбек - Адал табыс” тақырыбында 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылу іс-шарасы болып өтті. Іс -шараға аудан әкімдігі, БАҚ өкілдері, Ұйғыр аудандық “Amanat” партиясының филиалы, аудандық “Мансап” орталығы, аудандық мектептердің 9 - 11 сынып оқушылары т.б мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.
2025 жыл - жұмысшы мамандықтар жылы аясында, 13 - ақпан күні “Шонжы политехникалық колледжі” МКҚК Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында орналасқан “Шайхантахур кәсіптік транспорттық колледж” бірге халықаралық меморандумға қол қойды.
Меморандум мақсаты:
- бірлескен ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар мен симпозиумдар өткізу;
- ⁠оқытушылардың ғылыми жұмыстарының басылымдарын жариялау;
- оқу процесінде тараптардың цифрлық білім беру мазмұнын пайдалану, көрмелерді, семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды бірлесіп ұйымдастыру;
- ⁠тараптар өзара бірлескен тағылымдамадан өту;
- оқу, сабақтан тыс және басқа да іс-шаралар шеңберінде тәжірибе алмасу;