Жылдар өткен сайын колледж оқытушылар құрамы ұлағатты ұстаздармен толығып, материалдық-техникалық және оқыту-әдістемелік мүмкіндіктері арта түсті, осылайша білім ордасының бұғанасы бекіп, ауқымы кеңейе бастады. Колледж 600 орынға белгіленген. 360 орынды жатақхана, 120 орынды асхана, спорт залы, акт залы, практикалық сабақтар өту үшін 9 шеберханалар мен зертханалар, полигон (арнайы көлік жүргүзу үйренушілердің алаңы), техника жөндеу үшін жабық ғимарат, гараж, 14316 кітабы бар кітапхана жұмыс істейді.
Теориялық білім алу үшін 25 пән кабинеті мемлекеттік стандартқа сәйкес жабдықталған, оның ішінде 1 компьютер кабинеті, 1 мультимедиялық кабинет, студенттердің білімін арттыруға мүмкіндік береді.