Атауы Жүктеу
1 ИМП на 2024-2025 рус0716103205
2 ИМП на 2024-2025 каз0716103205

 

Виртуалды әдістемелік кабинет

Виртуалды әдістемелік кабинет - бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әр оқытушының біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған (оқытушылардың кәсіби білімін көтеруін, өзін - өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыта отырып, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру,  студенттерге білім мен тәрбие беру арқылы, бәсекеге қабілетті жеке тұлға деңгейіне жеткізу.

Виртуалды әдістемелік жұмыстың мақсаты:

  • Виртуалды әдістемелік кабинеттің жұмысын құру арқылы, қашықтықтан оқытудың кеңістігін жетілдіру.
    Виртуалды әдістемелік жұмыстың міндеттері:
    - білім беру мекемесінде әдістемелік жұмысты жетілдіру;
  • Білім беру мекемесінің ақпараттық кеңістігін жетілдіру;
  • Педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Педагогтарға жүйелі, ғылыми негізделген әдістемелік көмек көрсету.

 

  • Жас мамандарға көмек беру.
    Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, мәселелік шығармашылық топтар, ғылыми - тәжірибелік конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есеп беру, теориялық семинарлар мен семинар - практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.

 

 Құрметті әріптестер!

Виртуалды әдістемелік  кабинеттің негізгі үш артықшылығы:

  • Сіз кез-келген уақытта және өзіңізге ыңғайлы жерде жұмыс істей аласыз. Бастысы – бұл ғаламторға қосылып, компьютердің болуы.
  • Сіз бірнеше рет жарияланған ақпараттармен, презентациялармен, бейне материалдармен таныса аласыз. Сіз оларды электронды түрде немесе өздігіңізден басып шығарасыз.  
  • Сіз өз тарапыңыздан өткізілген шараларды қолдана және жариялай аласыз.

 

 

 

 

 

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қашықтық білім туралы түсінік:
Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру
 –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен);
- Жаңа технологияларды қолдану;
- Оқып үйренушілердің  әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
- Оқып  үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады.

Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:
- Құрылымының ашықтығы
. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.
- Сәйкестілігі
. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.
- Кеңейгіштігі
. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
- Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек.
- Сенімділігі
. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
- Үлестірімділігі
. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек.
- Масштабталуы
. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.
- Қолданушының ортақ интерфейсі
. Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс.
- Өңдеудің қарапайымдылығы
. Өңдеу жылдам және  тиімді болуы тиіс.
- Тасымалдануы
. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.
- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.
- Қауіпсіздігі
. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.
- Басқару қарапайымдылығы
. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс.
- Көпмәнділігі
. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек.
- Жұмыстың тиімділігі
. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.

Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:

1. Оқытудың адамгершілік қағидасы.
Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып,  білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың  басымдылығының қағидасы.
Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану қағидалары.
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.

ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік  білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
5. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.
ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары
.  
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет.  Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер,  курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын болады.
8. Оқытудың ұтымды қағидалары
.
ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер  Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады.
9. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.
Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады.
10. Білім берудің алдына шығу қағидалары.
Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар,  қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға  тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.